Шешендік, ділмарлық, тілділік

lat: Sheshendik, dilmarlyq, tildilik.

Сөзге жүйріктік, шебер сөйлеушілік, шешен болушылық.

Алпекеңнің, біздің әжеміздің шешендігі, отағасылығы тұрғанда біздің әділ ісіміздің ақыры қайырлы болуға тиіс (Ғ. Қайырбеков).

Оның жайшылықтағы ділмарлығы қазір де көрініп тұр (Ұ. Доспанбетов).

Бұл Қозының тұстасы, тілділігімен «Сарыжорға» атанған Тобылғы шешен болатын (К. Ахметбеков).